Правовое воспитание
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының « Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын-алу айлығын өткізу туралы жоспарына сәйкес 7Б сынып жетекшісі: Д.Е.Егеубаева «Құқықтық әліпби» атты тақырыпта викторина өткізді. Оқушылар «Білгірлер»мен «Құқықтанушылар» тобы негізінде сайысқа түсті. 1 бөлімде «Құқықтар немесе міндеттер»деп аталды, білім алушыларға сұрақтар қойып, оның не міндет, не құқық екенін тауып жылдам жауап қайтарып отырды. 2бөлім «Жағдаяттар»бұл бөлімде жағдайдан шығудың шешімін айтты. 3бөлім «Сөзжұмбақ шешу», «Менің құқығым бар» бұнда сөз жасырылады, сол сөзді келесі балаға ым-ишаратпен жеткізу керек. 4бөлім «Кейіпкерді тап» сынып жетекші ертегі кейіпкерін оқиды қай команда тапса сол командаға ұпай беріледі. Қорытындысында «Білгірлер»тобы — балл, «Құқық танушылар»- баллмен нәтиже көрсетті. Оқушылар қызығушылықпен қатысты.