«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ бекітілген жоспарына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу облыстық айлықты іске асыру барысында, 1-2А сынып оқушылары «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, заңды мінез-құлыққа жеке саналы ұмтылысты ояту. Сынып сағатында оқушылар тақырыпқа сәйкес тіркес сөздерден сөйлем құрап, бейнеролик көру арқылы мазмұнына сәйкес сурет салды. «Балалар –болашақ.Балаларға қамқорлық жасау, баланың ар-намысы мен құқықтарын құрметтей білу ол әр адамның жеке міндеті» — деп қорытындылады сынып жетекші. Ұлттық мүдде: құқықтық мәдениеті жоғары.