Медицинский час
Тәрбие жұмысы айдары. Біздің білім алушыларымыз әрдайым дәрігер-педиатр: О.И.Сузеваның назарында. Күнделікті тәрбиеленушілер оқыту-тәрбиелеу үрдісінде үнемі,үздіксіз байланыста болады. Медбикелер: Ш.М.Маликова., И.В.Бойко., К.Б. Тельгарина тәрбиеші-педагогтермен жоспарға сәйкес «Тазалық –саулық негізі»., «Тұмау белгілері, оны алдын-алу жолдары » ., «Жеке бас гигиенасы»т.б. тақырыптарда жүргізіліп отырады. Тәрбиеленушілер дәрістерден, әңгімелесу барысынан салауатты өмір салтының принциптері, күз мезгіліндегі инфекциялық аурулар, олардың болдырмау жолдары бойынша мазмұнды мағлұматтар алды.Сонымен қатар 7-8 қыздар тобында қыз балалардың физиологиялық жетілуіндегі өзгерістер,қыз балалардың жеке бас гигиенасын ұстауы бойынша бейнероликтер көрсетілді, ақпараттар берілді.