А.Байтурсынов
5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және 2017 жылғы 31 қазаннан бері ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы тілдері күні.
Осыған орай мектебімізде «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты мектепішілік викторина өтті. Викторинаға 5-9-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін көрсетті. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайында сұрақтар қатысушылар арасында қызу талқыланды.
Бостандықты, еркіндікті, өз елінің гүлденуін аңсаған зиялыларымыздың ізгі тілектерін орындағандай мектебіміздің жас педагогы Бауыржан Кабдуалиев «Жаса, Қазақстан!» әнімен қатысушылар мен көрермендерді шаттық пен мақтаныш сезімдеріне бөледі.
Іс-шараны қорытындылай келе, мектебіміздің еңбегі сіңген, бетке ұстар ұстазы – Алтыншаш Қарабайқызы қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы лэпбук көрсете отырып, көрермендерді сұрақтарға жауап беруге, жабыстырмалы суреттерді сәйкестендіруге жұмылдырды.
Нәтижесінде, белсенді болған оқушылар аталып, тәтті сыйлықтармен марапатталды.
#біртұтас_тәрбие
#Меніңтаңдауымқазақтілі, #қазақтілі
#menintandauymqazaqtili, #qazaqtili.
@oqu_agartu_ministrligi, @gani.beisembayev, @medetbekovameruert, @kost_bilim).