"Мен елімді сүйемін, тарихымды білемін"
31 мамырда мектеп-интернатта "Мен елімді сүйемін, тарихымды білемін" тақырыбында қызықты сынып сағаттар өтті. Оқушылар еліміздің тарихы, әдебиеті, географиясы мен салт-дәстүрлері туралы өз білімдерін көрсетті. Сынып сағаттарының формасы әр түрлі болды: бекеттер арқылы саяхаттаудан бастап, сынып ұжымын біріктіруге бағытталған ойын сәттеріне дейін.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен жаппай ашаршылықты еске алуға ерекше назар аударылды. Оқушыларға жазғы демалыс кезінде көруге арналған фильмдер мен оқуға арналған кітаптар тізімі ұсынылды.
Сондай-ақ, 4-сынып оқушылары бастауыш мектеппен қоштасып, өз эмоцияларын өлеңдер мен әндерде білдірді. Соңында мектеп әкімшілігі оқушыларға жазғы демалысты жайдары өткізуді тілеп, үздік оқушылар мен белсенділерді мақтау қағаздарымен, грамоталармен және медальдармен марапаттады.