«Жарқын Болашақ»
9 сәуір Астана қаласында «Жарқын Болашақ» Республикалық оқу орталығының ұйымдастыруымен 2022-2023 жылғы XVII Республикалық «Жарқын Жұлдыз» өнер байқауы өткізілді. Бұл Республикалық байқауға мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алғалиева Гүлжанат Сұлтанқызы дайындаған 6 «а» сынып оқушысы Мағалбек Аружан, «мәнерлеп оқу» жанры бойынша Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» тақпағын нақышына келтіріп ұсынды. Аружан мәнерлеп оқу жанрының орта топ 10-13жас ерекшеліктерімен бақ сынасқандар қатарында болып, 2-орынды иеленді. Байқаудың мақсаты: Өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана түйсігінің терең қалыптасуына ізгілік пен адамгершілікке баулу болып табылады.