"Алғыс айту күні"
Іс-шараның мақсаты: "Алғыс айту күні" ұғымының мағынасын ашу және балаларда бұл ұғымдардың әрқайсысы мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынастарды дамыту үшін маңызды екенін түсінуді қалыптастыру. Сабақ барысында балаларға мереке тарихы туралы бейнепрезентация көрсетіліп, ақпаратты бекіту үшін викторина ұсынылды. Алғыс айту күні - бұл мейірімділік пен ашық жанның рухани дәстүрлері, бөлісуге дайын болу, бір-біріне көмектесу күні деген қорытындыға келді. Қорытындылай келе, балалар туған жерге, мектепке, ата-аналарға, достарға алғыс сөздерін жазды.