«Зиянды заттар оның денсаулыққа әсері»
Бүгінгі таңда ауқымды мәселелердің бірі жасөспірімдер арасындағы, жаман әдетке шалығуы. Оқушылардың денсаулығы- мемлекетіміз үшін ерекше мәселе. Дені сау ұрпақ-ертеңгі еліміздің үмітін атқаратын тұлға. Осының негізінде Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында 04ақпан күні «Мектеп парламенті» ұйымы мүшелері «Зиянды заттар оның денсаулыққа әсері» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Тақырыпқа қатысты викториналық сұрақтар, өз ойларымен бөлісіп, пікір талас тудырып, мақсатқа бағытталған ойындар қызықтыра түсті. Мақсаты: жаман әдеттер туралы білімдерін тереңдету, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.
#мектеппарламенті#школьныйпарламент#өзінөзібасқару#советсамоуправления#оқуғақұштармектеп#читающаяшкола