"Мен және заң"
"Бала құқығы - адам құқығы" Республикалық балаларды қорғау онкүндігін өткізу аясында Боровск облыстық санаторлық мектеп-интернатында тоғызыншы сынып оқушылары арасында "Мен және заң"эссе байқауы өткізілді. Құқықтық тәрбие құқықтық біліммен тығыз байланысты және білім беру аясында жүзеге асырылады. Эсседе білім алушылар демократиялық мемлекеттің қалыптасуындағы құқықтық мәдениеттің маңыздылығын, заң мен тәртіпті сақтау қажеттілігін көрсетті. Байқау жеңімпаздары 9 а сынып оқушысы Юцева Анастасия және 9 б сынып оқушысы Приходько Анастасия болды.