"Инаугурация"
27 қыркүйекте мектеп—интернатта мектеп парламентінің президенті Приходько Анастасияны ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Жаңадан сайланған президент мектеп Парламентінің құрамын ұсынды. Оған ең белсенді және бастамашыл жоғары сынып оқушылары кірді: құқық және тәртіп фракциясы - Юцева Анастасия; ақпарат фракциясы - Мустафина Данара; спорт және СӨС фракциясы - Жаканов Тохтамыс; қамқорлық фракциясы - Михалевич Виталина; мәдениет және өнер фракциясы - Актасова Мерей, дебаттық қозғалыс фракциясы - Рыбьякова Регина, экология және еңбек фракциясы - Атымтай Әлібек. Мектеп Парламентінің Президенттігіне барлық үміткерлеріне: Приходько Анастасия, Юцева Анастасия, Актасова Мерей, Атымтай Әлібекке - мектебіміздің ең батыл және жанашыр адамдарына, бастамасы, дербестігі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғыс хаттар табыс етілді. Мектеп директоры Г.Е.Сейдахметова балаларды құттықтап, белсенді және жемісті жұмыс тіледі, бір-бірінің қолдауына ие болып, мейірімді болуға шақырды. Жиын соңында Б.С.Қожасағиев (қосымша білім беру педагогы) және Ж. К. Жүсіпбекова (тәрбиеші) "Туған жерім тамаша" әнімен музыкалық құттықтау білдірді. Сордай-ақ, "Грация" және "Сияние" би ұжымдары өз құттықтауларын би арқылы білдірді..