"Мен және менің отбасым"

"Мен және менің отбасым"

СуретОтбасы күніне орай Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында «Мен және менің отбасым» атты суреттер байқауы өткізілді. Оған 2-9-сынып оқушылары қатысты.Жас суретшілер өз жұмыстарына жан-тәнімен қарады. Өз суреттерінде балалар өз отбасына деген сүйіспеншілігін білдірді, олар қандай тату ұйымшыл екенін көрсетті. Суреттер өте әсерлі, жылулық пен отбасына деген жақсы қарым-қатынасқа толы болды! Мектеп жиынында оқушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Аға буын арасында: 1-орын — 7б сынып, 2-орын — 5Б сынып, 3-орын — 6Б сынып. Бастауыш буын арасында: 1-орын — 2б сынып, 2-орын — 4а сынып, 3-орын — 3б сынып. Көркем еңбек және технология мұғалімі: Л.Ф. Шмыглова «Менің отбасым — менің байлығым» тақырыбында «Отбасы күніне» арналған көрме ұйымдастырды.

—
17:29
Пікірлер жоқ. Сіздікі бірінші болады!