«Тіл шебері»
«Тілден асқан байлық жоқ» демекші, «Тіл шебері» байқауы Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мамандардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру және үш тілді жетік меңгерген қызметкерді анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тіл мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отырған сайысқа біздің жас маманымыз Алсу Кабижанқызы аудандық кезеңінен сүрінбей өтіп, бүгін облыстық кезеніне қатысып 3 –ші жүлделі орынға ие болды.Құттықтаймыз!!! Осы қалпыңыздан таймаңыз! Шабытыңыз сарқылмай, өркендей беруіңізге тілектеспіз!!!