Спортивные достижения
Жеңістен жеңіске!!!
Балалар жылы аясында дзюдодан аудандық турнирге дене шынықтыру мұғалімі Ш.Ж. Мухамбеткалиевтің жетекшілігімен біздің де командамыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Турнирге ауданның 7 командасы қатысты.
Сметанин Ефрем мен Исергепов Риза І орынды қанжығасына байласа, осы топ бойынша жүлделі ІІІ орынды Мариненко Дмитрий, Номоканов Николай, Хмыров Дмитрий иеленіп мектеп- интернатының абыройын асқақтатты.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда біздің балуанымыз Сметанин Ефрем Федоров ауданында қазақ күресі бойынша өткен ашық аудандық Чемпионатында 1-ші орынға ие болып, чемпион атанды. Бүгінгі турнир бойынша екі чемпион атағы біздің мектеп- интернатымызда. Чемпиондарымызды құттықтаймыз және оларды мақтан тұтамыз!