"Почетный гражданин Республики Казахстан"

"Почетный гражданин Республики Казахстан"

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Елордада өткен «Азаттығымыздың айшықты белестері» атты республикалық конференцияға әріптесіміз, педагог- шебер- А.К.Есетова қатысып, үлкен олжамен оралды.

Аталған іс- шарада Тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамына баға жетпес үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен бірге мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талдап, өскелең ұрпақты отансүйгіштік қасиетке баулу жайлы өз ойымен бөлісті. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің дамуына сіңірген еңбегі ерекше бағаланып, «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты төсбелгісімен марапатталды және куәлікке ие болды. Алтыншаш Карабаевнаның есімі 15 томдық энциклопедияға енді. Ұлағатты ұстаздың деніне саулық, отбасына шаттық тілей отырып, Алаш зиялыларының ерен еңбектерінің негізінде жастарымызды тәрбиелуде шығармашылық табыс тілейміз!

0
11:48
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!