"Спектр" әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
«Спектр» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 24 ақпан күні «Түстер триминосы» тақырыбында танымдық үзіліс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Үзіліс барысында оқушылар 3–4 түстен тұратын тримино бөлшектерінен әртүрлі фигуралар құрастырды.
Тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ықпал етті.
Оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды ынтамен орындады.






