«Спектр» ӘБ онкүндігі
«Спектр» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 19 ақпан күні география пәнінің мұғалімі А. Р. Каденов «Қазақстандағы елді мекендердің проблемалары. Қазақстан ойконимдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сәйкес инфографикамен жұмыс жасап, елді мекендердің дамуына байланысты негізгі мәселелерді талдады, сондай-ақ Қазақстан ойконимдерінің ерекшеліктері мен маңызын қарастырды. Көрнекі материалдарды пайдалану оқушылардың аналитикалық ойлауын, ақпаратпен жұмыс істеу және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сабақ белсенді форматта өтті, оқушылар қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты.





