"Спектр" ӘБ онкүндігі

«БІЗ БОЛАШАҚТЫ ЖАСАЙМЫЗ» онкүндігі аясында 9-сыныпта «Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор» тақырыбында Оспанова А.Е. ашық сабақ өткізді.

Сабақ «Қан банкі: Генетикалық код» форматында ұйымдастырылып, оқушылар зертхана мамандары рөлінде жұмыс жасады. Әр тапсырма өмірлік жағдаяттармен байланыстырылып, оқушылар теорияны тәжірибемен ұштастырды.
 АВО жүйесінің генетикалық негіздері талданып,
 қан топтарының тұқым қуалау заңдылықтары есептер арқылы дәлелденді,
 резус-фактор мен резус-қақтығыс механизмі түсіндірілді.
Сабақ барысында «Қан банкі» бағалау жүйесі қолданылып, әр дұрыс жауап «қан тамшысымен» бағаланды. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын күшейтті.
Оқушылар генетикалық есептерді еркін шығарып, өз ойларын дәлелдеп, ғылыми тілде тұжырым жасай алды.
 Биология – болашақтың ғылымы.
Ал бүгінгі білім – ертеңгі жауапкершілік.
0
18:37
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!