Тазалық – табалдырықтан басталады!
Тазалық – табалдырықтан басталады!
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мектеп-интернат оқушылары белсенділік танытып, мектеп ауласында сенбілік өткізді. Оқушылар бір кісідей атсалысып, айналаны қоқыстан тазартып, алтын ұямыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Мұндай шаралардың басты мақсаты — қоршаған ортаны аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және еңбекке баулу.
Тазалықты өзімізден бастайық!
#адал_азамат#ТазаҚазақстан





