"Спектр" ӘБ онкүндігі
«Спектр» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 23 ақпан күні алгебра пәнінің мұғалімі Н.С. Бегайдарова «Келтіру формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану. Сабақ құндылықтарға негізделген кіріспемен басталды.
Топтық жұмыста «Стакан жинау» әдісі арқылы оқушылар формулалардың мәнін тапты.
BilimLand платформасы арқылы тапсырмалар орындап, QR-код арқылы телефонмен жұмыс жасады.






