“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң мен тәртіп”құндылықтарының аясында кездесу өтті. Меңдіқара ауданының Полиция бөлімінің жедел өкілі аға лейтенанты М.И. Доманова., Полиция бөлімінің аға лейтенанты С.Е.Испулов оқушыларға дәріс оқыды.
Кездесудің негізгі мақсаттары:
* Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
* Мектеп оқушыларының заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру.
* Қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын насихаттау.
Дәріс барысында М.И. Доманова ., С.Е. Испулов нақты мысалдар келтіре отырып, заңды білу — әрбір адал азаматтың міндеті екенін атап өтті.
#адал_азамат#заң_мен_тәртіп





