"Спектр" ӘБ онкүндігі
«Спектр» ӘБ онкүндігінің жоспарына сәйкес үзіліс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Криптография әлемі»(Цезарь шифры )атты іс-шара өтті. Қатысушылары:5б сынып оқушылары. Цезарь шифры — ең жеңіл және кеңінен тараған шифр әдісі.Әрбір таңба әліпби бойынша оңға немесе солға жылжытылады.Шифр рим императоры Гай Юлий Цезарь атымен аталған. Оқушылар берілген сөздерді бірден Цезарь шифрын пайдаланып, тапсырмаларды орындады.






