Заседание мо "Воспитатели"

Заседание мо "Воспитатели"

2025 жылғы 29 желтоқсанда «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де 2 және 3 топ тәрбиешілерінің бірігуімен «Адал азамат» бағдарламасы аясында тәрбиеленушілердің құндылық бағдарлары және оларды қалыптастыру" тақырыбында шебер-сынып нысанында «Тәрбиешілер» әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыс барысында әдістемелік бірлестік жетекшісі Т.Л. Форикова тәрбие бағыты бойынша 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасап, қорытындылады, қол жеткізілген нәтижелерді атап өтіп, тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған алдағы міндеттер мен басым бағыттарға тоқталды.
Сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С. Алгалиева тәрбие саласында жобалар бойынша жұмыс жүргізу тәртібі, олардың жоспарлану кезеңдері, іске асырылу жолдары және күтілетін нәтижелері туралы мазмұнды түсіндірме берді.
Шебер-сынып аясында сынып-шеберлер бойынша ай сайын өткізілген құндылықтар (еңбекқорлық пен кәсібилік, тәуелсіздік пен отансүйгіштік, әділдік пен жауапкершілік, бірлік пен ынтымақтастық, заң мен тәртіп, жасампаздық пен жаңашылдық) талданып, оларды тәрбиеленушілердің бойына сіңіруге бағытталған практикалық тапсырмалар, жағдаяттық жаттығулар мен шығармашылық жұмыстар орындалды.
0
20:50
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!