Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы
7 “Б" сыныпта “16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне” орай «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы”тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын терең түсіндіру, ата-бабаларымыздың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігін үлгі ете отырып, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында тақырып пен мақсат таныстырылып, оқушылар сұрақ-жауап арқылы Тәуелсіздік туралы білімдерін ортаға салды.
Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегені, бұл қасиетті ұғымның артында бабаларымыздың қаны мен тері жатқандығы туралы терең мазмұнды мағлұматтар берілді.
#Адал_азамат#тәуелсіздіккүні






