​1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні онкүндігі

​1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні онкүндігі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні онкүндігі аясында 3 топ тәрбиеленушілерімен «Жазғы қауіпсіздік» тақырыбында іс-шара өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты:
Балаларға жаз мезгілінде кездесетін түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын үйрету;
 Өмір қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейту.
 Балаларға күннің аптап ыстығынан, судағы қауіпсіздік ережелерінен, ашық алаңда, көлік жолында және табиғат аясында сақтық шараларын сақтау туралы мәлімет берілді.
Арнайы слайдтар, суреттер мен бейнероликтер көрсетіліп, балалардың қызығушылығы артты. Сонымен қатар, рөлдік ойындар, сұрақ-жауап, жағдаятты талдау әдістері арқылы тақырып бойынша білімдері бекітілді.
 Іс-шара соңында тәрбиеленушілер қауіпсіздік ережелерін есте сақтау мақсатында сурет салып, қысқаша көріністер көрсетті. Балалар белсенділік танытып, іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
0
20:38
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!