"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"

2024–2025 оқу жылында 3-топтағы тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде құрылып, жыл бойы жүйелі түрде жүргізілді. Бағдарлама аясында 6 негізгі құндылық — «Тәуелсіздік пен отаншылдық», «Бірлік пен ынтымақ», "Әділдік пен жауапкершілік", «Заң мен тәртіп», «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік», «Жасампаздық пен жаңашылдық» бағыттарында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл іс-шаралар балалардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды. Медбике Тельгарина К.Б. бірлесе отырып, жеке бас гигиенасы, дұрыс күн тәртібі, аурудың алдын алу тақырыптарында танымдық әңгімелер өткізді. Сонымен қатар, кітапхана мен дәріханаға барып, балаларға арнап танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Тәрбиеленушілер би сайыстары мен спорттық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 3-топ тәрбиеленушілері оқу жылы барысында өздеріне тән жеке қабілеттерін көрсетіп, қоғамда өмір сүруге қажетті құндылықтарды меңгере алды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жүргізілген бұл жүйелі жұмыс тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына оң ықпал етті. Алдағы оқу жылында да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Баршаңызға жазғы демалыстың қызықты әрі қауіпсіз өтуін тілейміз! Жаңа оқу жылында жаңа мақсаттар мен жетістіктерге бірге жетеміз деген сенімдеміз.#біртұтас_тәрбие

0
20:52
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!