"2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы"
«2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 3 топ тәрбиеленушілері орталық модельдік балалар кітапханасына барды.
Кітапхана қызметкерлері қыздарды түрлі жанрдағы әдебиеттермен, балалар жазушыларының шығармаларымен таныстырды.
Сонымен қатар, қыздарға арнап қызықты викториналар мен ойындар ұйымдастырылды. Қазіргі кезде кітапхана мамандығы өте қажет екенін тәрбиеленушілер түсінді. Олар кітапхана қызметінің тек кітап берумен шектелмейтінін, бұл — үлкен ақпараттық, мәдени-ағартушылық және тәрбиелік сала екенін ұғынды.
Бұл сапар балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген ынтасын оятты.
Олар алған әсерлерімен қуана бөлісіп, кітапханаға қайта оралуды асыға күтетіндерін айтты.#біртұтас_тәрбие #жұмысшымамандықтырыжылы