9 мамыр – Ұлы Отан соғысының аяқталуына 80 жыл

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының аяқталуына 80 жыл

Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының аяқталуына 80 жыл толуына орай және қазақтың қаһарман ұлы, ақын, жазушы Құмаш Нұрғалиұлының 100 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында «Ерлігі елге үлгілі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға 3 топтың қыздары белсене қатысып, Құмаш Нұрғалиұлының өмір жолы, соғыстағы ерлігі мен әдеби мұрасы туралы айтылды. Сонымен қатар, патриоттық әндер шырқалып, көркемсөз оқылып, батыр бабалар рухына тағзым ретінде бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысында Отанға деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет, батырлық пен ерлік туралы терең мағыналы ойлар қозғалып, жастардың бойында ұлттық рух пен тарихи жадыны сақтау идеясы нығая түсті.

Тәрбиеші: Сейдалина А.Б.#біртұтас_тәрбие
0
01:36
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!