1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі

Біртұтас тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған, «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында мектепішілік іс-шара аталып өтілді. Іс-шара шашумен басталып, бірлік, достық жайлы тақпақ, өлең айтылды. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің сәлемдесу салты, көрініс, би өнерлері, ұлттық тағамдары көрсетілді. Тәрбиеленушілер мен іс-шараға қатысушылар мерекелік қойылымнан алған жағымды әсерлерін көгершінге жазып, ізгі тілектерін білдірді. Жауаптылар: Саблина М.В., Жусупбекова Ж.К#біртұтас_тәрбие

0
20:05
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!