«Наурызнама»

«Наурызнама»

Ұлттық спорт түрлерінің өмірімізде алар орны ерекше. Ол тек дене шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырып қоймай, елге, салт-дәстүрге, тарихқа деген құрметті, патриоттық рухты асқақтата түседі. Жалпы кез келген халықтың ұлттық ойындары арқылы сол елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі танылады.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес "Ұлттық спорт" күні аталып өтілді. Атаулы күнде асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық, қол күресі, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, 2-3 топ тәрбиеленушілері бақтарын сынады.
Ұлттық спорт ғасырлар бойы көшпелілер өркениетінің рухын көрсетіп келеді. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл – ата-бабаларымыздың өмір жолының, күш-қуаты мен мейірбандығының және даналығының көрінісі.2 топ тәрбиешісі: Л.Ф.Шмыглова., 3 топ тәрбиешісі: А.Б.Сейдалина.
•Ұлттық спорт елге, салт-дәстүрге, тарихқа құрметті
•Ұлттық ойындар елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін танытады
•Бұл ойын ата-бабаларымыздың өмір жолының көрінісі
#біртұтас_тәрбие#nayruznama_2025
0
13:16
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!