Біртұтас_тәрбие
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарина атындағы ұлттық білім академиясы ұйымдастырған әдістемелік құралға тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспарларын, жоба планері, іс-шаралар сценарийлері т.б. енгізу бойынша республикалық іріктеу өткізілген болатын. Қостанай облысы білім Басқармасының “Әдістемелік орталығы” КММ облыс бойынша 80-нен артық жұмыстарын жіберген болатын.Нәтижесінде тек біздің әріптестеріміздің жіберген екі жұмысы оң бағыттағы үздік деп танылды. Форикова Татьяна Леонидовна мен Горяева Ирина Васильевна шын жүректен жетістіктерімен құттықтаймыз. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, толағай шығармашылық жетістіктер, өз білімдеріңізді жетілдіру мен толықтыруда ілгері ізденісте болуларыңызды тілейміз.
"Қағидатымыз- әділдік, тірегіміз- жауапкершілік, мақсатымыз- өрлеу"
Қ.Тоқаев
-Еңбекқор және кәсіби біліктілік
-Әділдік және жауапкершілік
-Қоғамға қызмет
-Тәрбие парадигмасын жаңарту.