«Тәуелсіздігіміз-ең басты құндылығымыз»
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәуелсіздігіміз-ең басты құндылығымыз» атты тақырыпта мектепішілік 8-9сынып оқушылары арасында эссе жазудан сайыс өткізілді. Іс-шараны тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-Н.В.Кислер ұйымдастырды. Мақсаты: тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру; оқу сауаттылығын, эссе жазу дағдыларын арттыру.Эссе жазуға барлығы 22 оқушы қатысты. Үздік эссе жұмысының іріктеліп алынды. Марапаттауға ұсынылды.