"Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!"
Аптаның дәйек сөзі: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!» А. Құнанбайұлы атты тақырыптағы іс-шаралар жалғасуда. 3 топтың тәрбиешісі: А.Б. Сейдалина «Адам еңбегімен көрікті» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Құндылығы: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. Мақсаты: адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.Тәрбие сағаты барысында тақырыпқа сәйкес викторина, ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу сияқты әдіс-тәсілдері пайдаланды. Қорытындысында сұрақтар қойылып жауап беріп, өз ойларын толық ашып кері байланыс берді.