қазақшакүрес

қазақшакүрес

Біздің халқымыз ежелден денсаулықтың құндылығын түсініп, оны басты байлыққа салған. Осы қағиданы берік ұстанатын мемлекетіміз ел халқының ақыл-ойы мықты, сау болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан бізде де ұлттық спорттың дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Мектеп – интернаттың батыр ұлдары мен қыздары Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 — жылдығына орай Қазақ күресінен Ұзынкөл ауданында өткен турниріне қатысып 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медалін алып келді.Сонымен қатар команданың тренирі, дене шынықтыру мұғалімі Мухамбеткалиев Шерхан Жанболатовичке қазақ куресінен аудандық турнирге қатысып спортқа деген сүйспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт саласын дамыту бағытында абыройлы атқарған еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Құрметті біздің жас спортшылар! Біз Сіздерді мақтан тұтамыз, сіздер еліміздің болашағысыздар, спорт саласында үлкен үміт артамыз. Атақты Қажымұқан, Балуан Шолақ ата-бабаларыңыз сияқты сіз де үлкен атаққа ие болыңыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қуат, жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз. Сіздің әрбір жеңісіңіз сізді шабыттандырсын және жаңа жеңістерге жетелесін.
#біртұтас_тәрбие
#қазақшакүрес
#ұлттықспорт
0
09:49
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!