«Тоғызқұмалақ ойыны»

«Тоғызқұмалақ ойыны»

Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналығы қалдырған ойындардың бірі тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақтың ойыны адамды тапқырлыққа үйретеді. Миды шыңдайды. Шахмат, дойбы ойындары сияқты тапқырлықты, мол фантазияны талап етеді. Алайда бұл ойынның есебі ерекше, өзіне ұқсас ойындарға қарағанда анағұрлым күрделірек. Оның басты себебі – тоғызқұмалақ ойының немесе оның кейбір жеке позицияларын тақтаға қарамай, абстракты түрде ойлау аса қиындығында. Біздің мектеп-интернат оқушыларының бұл ойынға қызығушылықтары өте мол, көптеген аудандық, облыстық турнирлерге қатысып, жүлделі орындарды алып келеді. Соның бірі мектеп лигасының тоғызқұмалақ ойынының облыстық іріктеу кезеңі. Іріктеуге аудан,қалалық мектептерден келген 18 команда қатысты. Команда құрамында 5-6.,7-8,9-11сынып оқушыларынан 150-ден астам ойыншы өз бақтарын сынады. Солардың ішінде біздің білім алушылар жалпы командалық 5 орынға ие болды. Осы жетістіктерімен оқушыларымызды құттықтаймыз. «Тоғызқұмалақ ойыны» үйірме жетекшісі –Ш.Ж.Мухамбеткалиев.

0
09:28
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!