«Домбыра күніне»

«Домбыра күніне»

Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бары сөзсіз.Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген. Осының негізінде бүгін мектеп-интернатымызға «Юбилейный»аудандық мәдениет үйі өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара басында «Юбилейный»мәдениеті үйі директоры: Қайдаров Достияр Медеуович өз сөзінде «Домбыра күніне»орай өткізілген іс-шара маңызы туралы айтыудан басталды.Іс-шараның басты мақсаты ‒ өнерімізді, ұлттық аспабымызды негізі жастар арасында, жас бүлдіршіндер арасында насихаттау.Іс-шарада: «Ерке сылқым»., «Адай»., «Сарыарқа»күйлері орындалды.

#Біртұтас_тәрбие
0
09:24
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!