« Мен сені мақтан тұтамын – менің Қазақстаным»

« Мен сені мақтан тұтамын – менің Қазақстаным»

Біртұтас тәрбие жұмысы айдары. «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңындағы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес « Мен сені мақтан тұтамын – менің Қазақстаным»атты тақырыпта білгірлер сайысы өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіздік жолындағы Қазақстан тарихы туралы білімдерін жетілдіру арқылы отансүйгіштік қасиеттерін арттыру. Қатысушылар 6 топ қыз балалары. «Болашақ»және «Қыран» топтары 4 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады. Олар: «Қазақстан еліне сипаттама беріңіз»., « Эрудит»., «Сұрақ-жауап»., «Қазақстанның облыс атаулары».Білім алушылар әрбір кезеңнің тапсырмаларын белсенділікпен, қызығушылықпен орындады.Қорытындысында «Болашақ»-20ұпай., «Қыран»-25 ұпай жинап алға шықты.Тәрбиеші: А.Б.Сейдалина.

Ұлттық мүдде құндылығы:
-Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;
-Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу.
#біртұтас_тәрбие#тәуелсіздік_күні
0
16:49
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!