«Асық ату-ойыны»

«Асық ату-ойыны»

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ «Төрт өнер-төрт тоқсан» Оқу ағарту Министрлігінің жобасын іске асыру үшін 1-4 сынып ер балалары далада «Асық ату-ойыны»атты тақырыпта тәрбие сағатындағы, ойын өткізді. Үштабан ойынға екі немесе оданда көп ойыншы қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған қызықтырақ.Әр ойыншыда көнге тігетін үшасық. Көндегі асықты үш табаннан асыра ұшырып жіберген адам ол асықты өзіне алады. Үш табанға жетпесе құлаған жерінде жатқан асықты сол қалпында ата береді.Ойыншыларда бірінші ойынды сызықтан бастағанымен, ойын барысында сақалары түскен жерден атып отырады.Осылайша асықтары таусылып ұтылғанша ойналынады. Сақаны шиыра ату, сүріп ату, орай ату тәрізді әдістер болады.Тірбиеленушілер ойынның ережесін бұзбай,қызығушылықпен ойнады.

Ұлттық мүдде құндылығы:
-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
-Ұлттық мәдениетті дәріптеу;
#2ТОҚСАН#АЛТЫНСАҚА#
#біртұтас_тәрбие
0
19:11
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!