День Республики
25 қазан Республика күні мерекесіне орай мектеп-интернатымызда концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарлама мектеп-интернатымыздың директоры: Г.Е.Сейдахметова құттықтау сөзімен басталды. Гульмира Есмухановна өз сөзінде: тарихи әрі идеологиялық мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін.Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын.Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілейтінін айтты. Мерекеге орай қызметкерлер көпжылдық адал еңбегі, кәсіби міндеттерін орындаудағы жауапкершілігі үшін мақтау қағаздарымен марапаттады. Концерттік бағдарламада тақырыпқа сәйкес «Лучики» кіші топ қыздары, «Розарий»жоғары сынып қыздар тобы әндерін ұсынса, «Гравитация» би тобы билеп, домбырада «Төлдер» халық күйі ойнап көрермендерді қызықтырды.