Иннаугурация

Иннаугурация

Өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Парламенті Президентін ұлықтауға арналған жиын мектеп-интернатымызда салтанатты түрде аталып өтті. Мектеп –интернат директоры: Г.Е.Сейдахметова құттықтау сөзінде әрбір істе жауапкершілікпен атқарылуда сенімділік білдіретінін және әрбір мақсатты бастамаларына толағай табыстар тіледі. Мектеп Парламенті Президенттігіне үміткерлері: 9Б сынып оқушылары: Рыскельдина Карина мен Зимонина Александра алғыс хаттармен марапатталды.Мектеп Парламенті Президенті 8Б сынып оқушысы Рыбякова Регина салтанатты түрде ант қабылдап,өзіне жүктелген үмітті ақтайтынын айтты.Мектеп Парламенті Президенті мен фракция минситрлерін таныстыру мен галстук тағу рәсімі одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламаға «Ұзынкөл аудандық мәдениеті үйі» ММ әдіскері: Кабдуалиев Асылбек Кабдуалиевич өзінің ән шашуымен көрермендерді тамсандырды. Мектеп парламентінің мақсаты: Мектеп оқушылары парламенті балалардың әлеуметтік белсенділігін, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған мектеп басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысанын дамыту.

Парламент міндеттері:
-Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
-Білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету.
Ұлттық мүдде құндылығы:
-Қазақстан мүддесінеқызмет етуге ұмтылу;
-Қоғам игілігі үшінқызмет ету;
Ар-ұят құндылығы:
-Сөзіне берік, ісіне адал болу;
-Әдеп нормаларын ұстану;
Талап құндылығы:
-Жеке және командаменжұмыс істей білу;
-Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
-Физикалық белсенді болу;
-Салауатты өмір салтын ұстану;
#Біртұтас_тәрбие # Мектеп_ Парламенті #өзінөзібасқару
0
18:07
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!