"Менің жетістігім - менің нәтижем"

"Менің жетістігім - менің нәтижем"

«Боровской облыстық санаторлық мектеп- интернаты» КММ-сі 7 топ тәрбиеленушілермен бірге, „Менің жетістігім — менің нәтижем“ тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында тәрбиеленушілермен бірге „Жетістік формуласын“ құрдық. Жетістікке жету үшін әр адам алдына қандай мақсат қою керек? Ол мақсатты жүзеге асыру үшін қалай еңбек ету керек? т.б сұрақтар талқыланды. Аяқ астынан басқа түскен бақ пен еңбек жолында өз қолыңмен жеткен жетістіктің айырмашылығы айтылды. Елге танымал адамдардың да, жетістікке жету жолы оңай болмағандығы, әр адамның сол жолдағы талпынысы жайлы сөз тарқаттық. Топ тәрбиеленушілері- өткізілген тәрбие сағатынан біраз ақпаратты біліп- үйренгендеріне ризашылықтарын білдірді. #Біртұтас_тәрбие

0
17:15
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!