«Мен және Заң»
17 қазан күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және азаматтық құқықтық сана айлығы аясында 1-4а сыныбында «Мен және Заң» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясымен танысты. Сонымен қатар жекелік тапсырмалар орындап, тақырып бойынша білімдерін жүйеледі. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға заң, құқық туралы білімдерін жетілдіру.