Қазақстан халқы тілдері күні
Мауданов Абылай Фазылханович
1983 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында туған.
Поэзия, сатира, драма жанрында қалам сілтеп жүр. Балаларға арналған ертегілері театрда сахналанған. Көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы. Бірнеше кітаптың авторы.
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып істейді.
2021 жылы Абылай Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына» фестивалінде «Бердібек Соқпақбаев атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік кітаптың авторы» аталымын жеңіп алды.
Сирия драматургі С.Ваннустан аударған «Сұлтанның аты – сұлтан» спектаклі театрдың тұрақты репертуарында.
Орыс тілінен аударған «Балаларға арналған әңгімелер», «Мюнхаузеннің басынан кешкендері», «Робинзон Крузо» атты кітаптары республикалық баспадан жарық көрген.
2022 жылы «Ахмет жүріп өткен жолмен» танымдық экспедициясымен Орынбор, Уфа, Мәскеу, Архангель, Баку қалаларына барып қайтты. Көп жылдан бері облыста өтетін іс-шаралардың сценарийін жазып келеді.