Круглый стол
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің елім, менің жерім!» атты бекітілген жоспарға сәйкес «Лингвист» ӘБ онкүндігі аясында, бүгін аудандық деңгейде «Заманауи білім беруде педагогтың жаңа құзыреттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдіскері Г.М.Аргимбаева қатысты. Ұстаздар қауымы теория мен тәжірибені ұтымды ұштастыра отырып, өзара ой бөлісті.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Мустафина «Заманауи білім беруде педагогтың жаңа құзыреттілігі», Г.С.Бегайдарова «Сынақтарды тексеру үшін Zip Grade мобильді қосымшаны пайдалану», Г.С.Алгалиева «Ақпараттық құзыреттілік (Online Test Pad) — сандық міндеттерін орындаудағы орны», Ю.В.Байманова "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту" тақырыптары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сөз соңында мектебіміздің бетке ұстар ұстазы, педагог-шебер- А.К.Есетова рефлексия жүргізді. Ол Тәуелсіз еліміздің саналы ұрпағын тәрбиелеуде қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіре отырып, алдағы уақытта оқу- тәрбие үдерісінде ұлт зиялыларының еңбектерін басшылыққа алуды нұсқады.