«Ұлы даланың көне сарындары» аудандық фестивалі

«Ұлы даланың көне сарындары» аудандық фестивалі

Домбыра ұлт таңдамайды демекші, мектебіміздің мақтанышы, оқу озаты -Рыбьякова Регина, әннің тілін түсінген, күйдің құдіретін ұғынған өзге ұлттың өкілі. Ол үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қолына алғаш рет домбыраны қызыға алған болатын. Аз ғана уақыттың ішінде өзінің алғырлығымен алғашқы асуларды бағындырып келеді. Регина бүгін ұлағатты ұстазы, қосымша білім беру педагогі -Кожасагиев Байдос Серикбайұлының жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және ілгерілету мақсатында «Ұлы даланың көне сарындары» аудандық фестиваліне белсене қатысып, аудан сахнасында өзінің бірінші мадақтамасына ие болды. Ол халқымыздың «Кеңес» күйін тамаша орындап, көпшіліктің көңілінен шыға білді."Ұстаздан шәкірті озады"-дейді дана халқымыз, алдағы уақытта Регина сахнаның сәні боларына кәміл сенеміз.

0
07:45
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!