"Лингвист" ӘБ онкүндігі

"Лингвист" ӘБ онкүндігі

“Лингвист” әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 4 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Каспий теңізі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың басты мақсаты — мұғалім көмегімен жалғаулық шылауларды меңгеру, оларды сөйлем ішінде дұрыс қолдану және ауызша, жазбаша тапсырмаларда сауатты пайдалану.
 Сабақ ұлттық «Қыз қуу» ойыны форматында ұйымдастырылды. Сынып екі топқа бөлініп, білім бәйгесінде бақ сынасты. Әрбір дұрыс жауап — мәреге жасалған сенімді қадам!
Оқушылар Каспий теңізі туралы мәтінді талдап, ауызша және жазбаша тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Топтық жұмыс барысында жоғары белсенділік танытып, өзара ынтымақтастық пен ұйымшылдық көрсетті.
Осындай мазмұнды әрі тартымды сабақтар білім сапасын арттырып, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытады. 
#ашықсабақ #қазақтілі #4сынып #Лингвист #әдістемелікбірлестік #онкүндік #инновациялықсабақ #ұлттықойын #ҚызҚуу #Каспийтеңізі #білім #мектепөмірі
0
12:27
RSS
No comments yet. Be the first to add a comment!