Декада МО "Спектр"
«Спектр» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 25 ақпан күні тарих пәнінен «Бейбітшілік факторы» тақырыбында танымдық үзіліс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға бейбітшіліктің маңызын түсіндіру, тарихи мысалдар арқылы татулық пен бірліктің қоғам дамуындағы рөлін көрсету.
Үзіліс барысында оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, бейбіт өмірдің құндылығы туралы ой қозғалынды.
Танымдық үзіліс тәрбиелік мәнге ие болып, оқушылардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етті.






