Декада МО "Спектр"
«БІЗ БОЛАШАҚТЫ ЖАСАЙМЫЗ» онкүндігі аясында 17.02 биология пәнінің мұғалімі Оспанова А.Е. ерекше ойын-үзіліс өткізді.
Бүгінгі үзіліс жай ғана демалыс емес, болашаққа жасалған қадам болды.
Оқушылар «Болашақ коды» атты танымдық ойында өз білімдерін, жылдам ойлау қабілеттерін және шығармашылықтарын көрсетті.
«Планетаны сақта» аймағында – экологиялық дұрыс таңдау жасады.
«Болашақ адамы» бөлімінде – қиялдап, адамзаттың ертеңгі келбетін бейнеледі.
«Зертхана» аймағында – биология сұрақтарына жауап беріп, білімдерін сынады.
«Қауіп аймағында» – денсаулық пен қоршаған ортаға қатысты шешім қабылдады.
Ойын барысында оқушылар түсінді:
Болашақ – бұл арман ғана емес,
Болашақ – біздің бүгінгі әрекетіміз,
Болашақ – білім мен жауапкершіліктің нәтижесі.
Бүгінгі жарқын сәттер балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, биология пәнінің өмірмен тығыз байланысты екенін көрсетті.






