"Спектр" ӘБ онкүндігі
2026 жылдың 16 ақпанында «Боровская облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де «Спектр» оқу-әдістемелік бірлестігінің “Біз болашақты жасаймыз” атты онкүндігі бастау алды! Жоспарға сәйкес, қызметкерлерге таңертеңгі жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Қонақтарды робот қарсы алып, әрбір қызметкерге онкүндіктің жоспарын ұсынып, жасанды интеллекттің түрлерімен таныстырды.
Алдағы күндері баршамызды ерекше қызықты сабақтар мен танымды үзілістер, жаңа идеялар мен шығармашылық бастамалар күтіп тұр!
Біз – болашақты бірге жасаймыз!
#БізБолашақтыЖасаймыз #Спектр #Онкүндік #ЖасандыИнтеллект #Білім #Инновация





