"Спектр" ӘБ отырысы

"Спектр" ӘБ отырысы

«Спектр» жаратылыстану-математикалық бағытындағы әдістемелік бірлестіктің ІІІ отырысы “ЖМБ сабақтарында пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың оқу уәждемесін арттыру”тақырыбында семинар-практикум форматында өтті.

Отырыстың ұйымдастыру кезеңінде қатысушылармен сергіту ойындары өткізіліп, жағымды ахуал қалыптастырылды.
“І жартыжылдықтағы оқу бағдарламасының орындалу барысы”туралы есеппен ӘБ жетекшісі Н.С.Бегайдарова баяндап берді.
Одан әрі физика пәні мұғалімі: А.Б.Сейдалина., тарих пәні мұғалімі: А.С.Аргимбаев біріктірілген сабақтар үлгісін ұсынып, “Біріктірілген сабақтар – уәждемені арттыру құралы ретінде”атты практикалық бөлімде тәжірибе бөлісті.
Отырыс мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, сабақта пәнаралық байланысты тиімді қолдануға бағытталды.
0
20:37
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!