Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 6-9а сыныптарында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы” тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларға еліміздің тарихи даму жолын, тәуелсіздікке жету кезеңдерін, елдің алғашқы жылдарындағы қиындықтар мен жетістіктерді таныстыру, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру болды.
Сынып сағатында:
– Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы,
– 1991 жылғы тарихи оқиғалар,
– Елбасының рөлі,
– Қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы мағлұмат берілді.
Оқушылар белсенді қатысып, мағлұматты ақпараттар, өлең жолдары және тарихи деректермен бөлісті.
Бұл сынып сағаты жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи сана қалыптастыруға ықпал етті.
#ТәуелсізҚазақстан #адал_азамат
0
19:39
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!